Көшкінбай Елікбаев

Шығармашылығы


Жан дүниесінің кірсіксіздігінен риясыз жимиған күлкісімен танытып,өзін көрсетуге емес, өзгенің сырын ұғынуға,сөзден гөрі нақты іске бейім тұратын Көшкінбайды көргенде, мені ой-елесім сонау өткен күндерге алып қашып, еріксіз толғандыратын.
...Елікбаев Көшкінбай еңбек жолын 1965 ж. туған жері Төлеби ауданы Қаратөбе орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігімен бастады. Бұл қызметте 20 жылдай жұмыс істеп,мектеп, аудан, облыс көлемінде өткізілген игі істердің басшысы болды.
...К.Елікбаевтың бастамасы мен аудан мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын сыныптар ұйымдастырылды. Осының нәтежесігнде қас қаблетті оқушылар қосымша филолог, журналист мамандықтарын игерді.
...К.Елікбаев 1989 жылы КСРО халық мұғалімі, профессор Қ.Айтқалиевтің жетекшілігендегі атаулы мектеептің жұмысына қатысып Ж.Аймауытов шығармашылығы сабақта «Ақтаңдаққа ұшыраған ақын-жазушылардың шығармаларын оқыту мәселелері», «Одағайды оқыту» атты әдістемелік жинақтары әзірленді.
К.Елікбаев осындай қажырлы танымал еңбектерінің нәтижесінде елімізде танымал ұстаз дәрежесіне көтерілді. Ол қазіргі кезде мүғалім-әдіскер ҚР ағарту ісінің үздігі Н.К.Крупская атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстаның еңбек сіңірген қаламгері (1993) Төлеби ауданының құрметті азаматы. Оңтүстік Қазақстан обдысы Құрмет грамотасының иегері...
Балалық шақтан тағдырдың ауыр-ауыр қасретін бастан кешіріп, жесір ананың қас-қабағын, оған салмақ түсірмеуге тырысып өскен. Көшкінбай өмір кездестірген барлық қиындықты кеудесімен сүйреп, кермек те ащы терімен еңбектенуді, адал нан табуды өзіне бұйырған тағдыр деп ұғынады. Сондықтан да болар ол біреуге бір артық сөзайтудан гөрі, бір жұмысты артық істеуді өзіне аброй санайды. Өмірде бос сөзінен емес, адал еңбегімен жегілгісі келеді. Осы қарапайымдылық, тазалық, қажымас қайрат, тынымсыз еңбек оны өз биігіне көтерді.

Ө.ТАНАБАЕВ, ХКТУ профессоры